Close

20.10.2018

Алматы қаласында «Рухани келісім» күніне орай мерекелік іс-шара өтті

2018 жылғы 18 қазанда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының конференц-залында Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Рухани келісім» күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Рухани келісім күнін атап өтудің мақсаты Қазақстан халқын дәстүрлі адамгершіліктік құндылықтар төңірегінде топтастыру, қазақстан қоғамындағы бейбітшілік пен тұрақтылықтың негізі болып саналатын толеранттылық және рухани келісім идеяларын насихаттау.

Іс-шараға Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы А.Р. Есенбеков, Алматы қаласы мәслихатының депутаты К.І. Матыжанов, қаланың бас имамы Е.К. Шохаев, қалалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, қоғам қайраткері А.Ә. Осман, діни бірлестіктер көшбасшылары клубының басшысы К.М. Бишманов, қоғам қайраткерлері, Алматы қаласы мәслихатының депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері, діни конфессиялардың және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, жастар қатысты.

А. Есенбеков өзінің құттықтау сөзінде «Біздің елімізде 120 дан аса этнос пен 18 конфессия өкілдері тату тәтті өмір сүруде. Тәуелсіздік жылдары Қазақстан этносаралық және конфессияаралық келісімнің бірегей үлгісін жасай білді – мұны әлемдік қауымдастық мойындап, қазіргі кезде көптеген елдер зерттеуде. Бұл ең алдымен қазақ халқының бауырмашылдығы мен кең пейілінің және Елбасымыз жүргізіп отырған саясатының арқасында мүмкін болып отыр» деп атап өтті.

Шара барысында бірқатар азаматтарға қала басшылығының атыннан алғыс хаттар табысталып, кітап көрмесі және ағаш отырғызу акциясы ұйымдастырылды.

20.10.2018