Close

21.10.2018

Алматы қаласының мешіттерінде Дін саласындағы заңнамалық нормаларға енгізіліп жатқан өзгерістерді түсіндіру бойынша іс-шаралар өтті

2018 жылғы 20 қазанда Музамиль мешітінде, 22 қазанда Әл-хамид мешітінде, 23 қазанда Әскер ата мешітінде «Дін қатынастары және діни экстремизм мен терроризмге қарсы тұру саласындағы заңнамалар нормаларын түсіндіру» тақырыбында іс-шаралар өткізілді.

Іс-шаралар барысында мемлекеттің діни мотивацияланған экстремизмге қарсы тұруға бағытталған шараларын күшейтуге бағытталған Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріндегі өзгерістермен байланысты өзекті мәселелер түсіндірілді. Сондай-ақ, қатысқандардың барлығына қазақ және орыс тілдеріндегі үлестірмелік материалдар берілді (буклет, презентациялар жазылған CD).

Іс-шара қатысушаларына ислам дінін зерттеуші, PhD докторы  А. Шагирбаев, «Перспектива» ҚҚ психологы Р.Мансурова мешіттер жамағаттарына түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

21.10.2018