Close

27.10.2018

Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелерімен өткен кездесу туралы АҚПАРАТ

2018 жылдың 25-26 қазаны аралығында Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі жанынан құрылған Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының жұмыс жоспарына сай, Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының (ары қарай Басқарма) ұйымдастыруымен Алматының мектептерінде, жоғарғы білім орындарында, намазханаларда, сауда орындарында түсіндіру жұмыстарын жүргізілді.

Түсіндіру жұмыстары барысында Мемлекеттің діни саясатын және Қазақстан құндылықтарымен зайырлылық туралы басқада өзекті мәселелер бойынша ақпараттар берілді.

Жиындар барысындағы қойылған сұрақтарға Жахин Калкен Елеукенулы – ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің тәрбие жұмысы және қосымша білім беру басқармасының бас сарапшысы, Жандаулет Отарбайулы – заңгер, «Нұр-Мубарак» университетінің магистранты, Мустафина Толганай Вагизовна – «Әлеуметтік процестерді зерттеу және талдау орталығы» ҚҚ атқарушы директоры, дінтанушы РАТТ мүшелері жауап берді.

27.10.2018