Close

03.11.2018

«Барыс» сауда орталығында жаңа форматта дәріс оқылды

Алматы қаласы дін істері жөніндегі басқарманың тапсырысы бойынша Ішкі саясат басқармасының «Мониторинг және талдау» орталығы 2 қараша күні «Барыс» сауда орталығында кезекті діни экстремизм және терроризмді алдын алу іс-шараларын ұйымдастырды. Іс-шара дәріс ретінде жаңа форматтағы «радиорубка» арқылы арендаторлар мен «Барыс» СО — ның қонақтарына оқылды. Дәріс оқуға ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі Ахметов Қ. шақырылды. Дәріс барысында мемлекеттік саясаттағы дін мәселесіне көңіл бөлінді.

Ахметов Қ: «Жалпы, дін саласындағы мемлекет саясатының мақсаттары, міндеттері мен принциптері ұлттық және халықаралық құқық нормаларына   негізделген және халықтың дін саласындағы құқықтары мен бостандығын қамтамасыз етуге, сонымен қатар, халықтың рухани, адамгершілік және мәдени әлеуетін дамытуға бағытталған.

Дін саласындағы мемлекет саясатының басты мақсаты азаматтық бейбітшілікті қамтамасыз ету, діни тұрақтылықты сақтау, елдің зайырлы даму қағидаларын ілгерілету және дін бостандығы құқықтарына кепілдік беру болып табылады», деп тоқтап кетті.

Бүгінгі таңдағы жағдайларға байланысты мемлекеттік орғандарға террористік және экстремистік көріністерге қарсы күресті тоқтатапай жалғастыру үшін барлық азаматтарды, әр түрлі қоғамдық құрылымдарды, кәсіпті, діни ұйымдарды, БАҚ өкілдерін белсенді түрде қатыстыру маңызды. Мемлекеттік емес ұйымдарды бірлесе отырып қызмет жасауға шақыру және соған жағдай жасау қажет. 

 

 

03.11.2018