Close

Біз жайлы

Кәсіпорын Алматы қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 26 қыркүйек № 3/384 «Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Мониторинг және талдау орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын құру» туралы қаулысына сәйкес құрылды.
Кәсіпорын қызметінің мәні ғылыми зерттеулер, ғылыми қызметтің нәтижелерін коммерцияландыру болып табылады.

Кәсіпорын келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:

  • Діни саладағы процестерді зерттеу және талдау, қысқа, орта және ұзақ мерзімді перспиктиваларға арналған болжамдарды жасау;
  • Ақпараттық – түсіндіру іс-шараларын ұйымдастыру;
  • Оқыту семинарлар, тренингтер, курстар, дәрістер, «дөңгелек үстелдер», конференциялар, акциялар мен басқа да ұйымдастыру-тәжірибелік іс- шаралар өткізу;
  • Алматы қаласындағы діни ахуалды зеттеу, талдау және болжау жасау;
  • Діни экстремизмге және терроризмге қарсы тұру туралы түсініктеме беру туралы халықпен жұмыс жасайтын ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелеріне, жергілікті өзін-өзі басқару институттарына және азаматтық қоғамға ғылыми-әдістемелік, ұйымдастырушылық, консультациялық және ақпараттық қызметтер көрсетуге қатысу;
  • Дін саласында талдамалық,ғылыми зерттеулер жүргізу, ұсыныстар әзірлеу;
  • Дін саласындағы ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру бойынша ғылыми ұйымдармен, мекемелермен, қоғамдық бірлестіктермен, ұлттық мәдени орталықтармен, жоғары оқу орындарымен және басқа заңды тұлғалармен өзара әрекеттесу;
  • Мемлекеттік органдардың қызметкерлерін, үкіметтік емес ұйымдардың және басқа да мақсатты топтардың өкілдерін діни, діни экстремизмге және терроризмге қарсы әрекет ету мәселелер, сондай-ақ Кәсіпорынның құзыретіне кіретін басқа да мәселелер бойынша біліктіліктерін арттыру;
  • электрондық (соның ішінде интернет сайттарына) және баспасөз бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг (жүйелеу және талдау) жүргізу;
  • Сандық және сапалық зерттеулерді қолдана отырып, Алматыдағы қоғамдық-саяси ахуалды мониторингтеу және талдауда қатысу және көмек көрсету.

Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Мониторинг және талдау орталығы» телефоны: 8(727) 2334131, 8(727) 2295267 (КМК құзыреті шегінде діни қызмет мәселелері бойынша азаматтардан және ұйымдардан ақпарат алу үшін).